Мұрағаттық деректерге сүйенсек, облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің тарихы 1919 жылдың 1 қаңтарынан басталған.

1919-1992 жылдар аралығында Орал облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде Сейткулова Райса Михаиловна (1960-1977 ж.ж.), Мальцев Виктор Михаилович (1977-1988 ж.ж.) басшылық еткен.

1992 жылдан бастап мекеменің атауы облыс әкімшілігінің өкімімен облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы болып өзгертіледі. 1988-1995 жылдары аралығында Кужекова Роза Лукьяновна басшы болған.

Батыс Қазақстан облыс әкімінің 31.12.1996 жылы №190 шешімімен Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы болып қайта құрылады. Басшы болып қызмет атқарғандар - Дүйсенов Байжан Мырзабаевич (1995-1998 ж.ж), Мырзахметов Бекет Телманович (1998 ж), Нұржанов Бекболат Насекенұлы (1998-1999 ж.ж).

20.06.1999 жылы Батыс Қазақстан облыс әкімінің №79 шешімімен мекеменің атауы Батыс Қазақстан облысының еңбек, халықты әлеуметтік қорғау басқармасы болып өзгертіледі. 1999-2002 жылдар аралығында Анищенко Светлана Николаевна басшылық қызмет атқарады.

Облыстық жұмыспен қамту орталығы /Еңбек биржасы. 1991 жылдың қаңтар айында облыстық жұмыспен қамту орталығы /Еңбек биржасы/ ашылып өз жұмысын бастайды. Негізгі қызметі – жұмыссыздарды тіркеу, жұмысқа орналастыру, қайта даярлау. Алғашқы жылдары Заңға сәйкес жұмыссыз болып тіркелгендерге жұмыссыздық жәрдемақысы төленді. Облыстық жұмыспен қамту орталығы 2001 жылы қараша айында жабылды. Директоры Оразов Талғат Ғұбашұлы (1991-2001 ж.ж.) болған.

2002 жылдың қаңтар айында Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті құрылды. Басшы болып қызмет атқарған - Сүлеймен Серік Кенжебекұлы (2002-2007 ж.ж.), 2002 жылғы штат кестесіне сәйкес 40 бірлік.

2008 жылғы 11 шілдедегі облыс әкімдігінің №179 қаулысымен Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы болып атауы өзгертілді. 2008 жылғы штат кестесіне сәйкес 40 бірлік.

Басшылық қызметін атқарғандар - Сапаров Табылғали Сатқалиұлы (2007-2010 ж.ж.), Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы (2010-2012 ж.ж.). 2010 жылғы штат кестесіне сәйкес 36 бірлік. Ал 2011 жылғы штат кестесіне сәйкес 33 бірлік. 2012-2015 жылдары басқарманы Садбеков Кемел Ермекұлы басқарды.

Облыстық көші-қон департаменті. Облыстық көші-қон және демография басқармасы ҚР көші-қон және демография Агенттігінің басқа да органдары сияқты ҚР көші-қон қызметі құрамына кіретін облыстық әкімшіліктің атқарушы органы болып табылады.

Директор болып қызмет атқарғандар - Амангалиев Акас (1993-1994 ж.ж.), Искаков Сабит Гумарович (1994-1997 ж.ж.), Нартазинов Николай Назарович (1997-2002 ж.ж.), Баянов Амангелді Ғазиевич (2002-2003 ж.ж.).

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №26-п бұйрығына сәйкес ҚР ЕХӘҚМ Көші қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болып қайта құрылды. Директор болып қызмет атқарғандар - Карменов Ғабдырашит Карменұлы (2003-2008 ж.ж.), Сағынов Ерболат Тілекқабылұлы  (2008-2010 ж.ж.).

2010 жылдың қараша айынан 2013 жылдың шілде айы аралығында  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің құрамында көші-қон бөлімі болады. Бөлім басшысы қызметін Сағынов Ерболат Тілекқабылұлы (2010-2019 ж.ж.) атқарады.

2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын орындау  үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің халықтың көші-қоны құрылымдарының функциялары мен штаттық бірліктері жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №129 қаулысымен «Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының» атауын өзгерту туралы 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №355 қаулыға халықтың көші-қоны, еңбек қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыру функцияларын басқармаға жүктеу бөлігінде өзгерістер енгізілді. 2013 жылғы штат кестесіне сәйкес 54 бірлік.

2015-2016 жылдары Имангалиев Жанболат Ғайнешұлы басшылық еткен. 2015 жылғы штат кестесіне сәйкес 36 бірлік. 2016-2017 жылдары Асантаев Жанат Асылханұлы басқарған. 2016 жылғы штат кестесіне сәйкес 35 бірлік. 2017-2018 жылдары басқарманы Айтмухамбетов Қалияр Шадиярұлы басқарса, 2018 жылдан бастап күні бүгінге дейін Құлқаев Алтай Есмағұлұлы басшылық қызметін атқаруда.

Sobes 1

Sobes 1