2018 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама 10.48 MB

 

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жіне әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтежиелері бойынша талдамалық анықтама

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтарының 2017 жыл ішінде атқарған жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар бойынша жиын өтті

Қазақстанда іске асырыл жатқан қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Транспаренси Интернешнлде оң баға алды

«Қоғамдық бақылау картасы»жобасы туралы брифинг

Агенттік ескертеді - Жасырын мемлекеттік қызметтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жасырылады

Жазалау орнына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу келеді

Өз арамызды тазарту және жемқорлыққа қарсы тұру


Алик Шпекбаев

Достар, өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асырудың бастауы екендігін куәландырады.

Институционалдық өзгерістерге қарамастан, парасаттылық идеологиясына негізделген жұмыстың жаңа форматы біз үшін басым болып қалуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық шенеуніктерді ұстау көңіл-күйді ешкімге көтермейтіндігін жақсы түсінсек те, жұмысымызды әлсіретуге ниетті емеспіз.

Өзімнің жаңа саладағы алғашқы постымда мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келеді.

Бұл проблеманың өткірлігі, әсіресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көптеген шағымдарымен расталады. Және қоғамның игілігі болған мысалдар жеткілікті.

Аталған теріс тәжірибе өткеннің көзі бола отырып, адамдардың санасында терең тамыр жайған және отандық мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін сипаттайтын норма сияқты қабылданады. Сонымен қатар, біз стандарттарына бой түзейтін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім ешкімді қабылдамайды, ал тексерулер қашықтықтан бақылау есебінен жүзеге асырылады.

Түсінікті болу үшін атап өткім келеді, әрбір іссапар үшін тексерушілерге логистика, тұру және тамақтану шығындарын жабатын жеткілікті қаражат бөлінеді.

Алайда, тексерушілер өңірлерге жол жүргінде, бөлінген қаражаттан тиынды да жұмсамауға айла табады. Жақсы қонақ үй нөмірі, күнделікті түскі ас және жиі мас күйіндегі төбелестер түріндегі салдарлары бар ең жақсы мейрамханаларда тұздалған қияры бар кешкі ас, қымбат сыйлықтар, монша және аң аулау - осының барлығы тексерілетін әріптестерінің жеке ақшасының есебінен.

Бақылаушылардың тәбетін біле тұра, жергілікті басшылар «деңгейде» басшылықты қарсы алу үшін бизнесмендерге көмек сұрап жүгінеді. Мұндай көмек ешқашан тегін болмайды және әрі қарай шенеунік тарапынан ерекше қамқорлыққа айналады. Мұның бәрі қалай аяқталатындығын еске салудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Әсіресе, аумақтық мемлекеттік органдар елорда және облыстық орталықтан келген қонақтар үшін қызықты әрі ерекше демалыс ұйымдастыру арқылы осы «институтты» әдетті түрде қабылдап, тіпті қолдап отырғаны аса ренжітеді. Әдетте, бұл министрге немесе облыс әкіміне арналған оң есеп беру, сондай-ақ жұмыста өрескел бұзушылықтарды бүркемелеу үшін жасалады.

Бұл ретте осындай мінез-құлықты өз алдына ұлттық дәстүр мен шенге бас ұрушылық, басшылыққа деген көрсетілген құрмет таныту арқылы ақтауға тырысатын адамдар бар екенін таңқалдырады. 

Менің ұстаным бірегей-кәсіби және инновациялық мемлекеттік аппарат үшін бұл мүлдем қолайсыз. Бұл тәжірибе мемлекеттік қызметтің негіз қалаушы қағидаларының беделін түсіреді және құнсыздандырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қарқынын жылдамдатады.

Осыған байланысты өңірлік іссапарларға, түрлі конференциялар мен семинарларға шығатын барлық мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың басшыларына айтарым: жоғарыда айтылған барлық тәжірибе жұмыстан босатудан бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне дейін қатаң санкциялар көзделген өрескел бұзушылық болып табылады. Сол сияқты қабылдаушы тарапқа да қатысты.

Агенттік бұл мәселені жүйелі бақылауға алды. Жекелеген өңірлерде нәтижелер бар - кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында біз Үкіметке қашықтықтан мониторингке көшумен көшпелі тексерулерді оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгіземіз.

Бұл жұмысты сапалы жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттары маңызды рөл атқарады. Барлық қоғам белсенділері мен немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осындай фактілерге мұқият назар аудара отырып, бізді кез-келген ыңғайлы тәсілмен: менің поштама жазбаша түрде жүгіну alik.shpekbaev@gmail.com, әлеуметтік желілерде хабарлаумен немесе Агенттіктің 1424 колл-орталығына қоңырау шалып, хабардар етуге шақырамын.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!»

халықаралық жастар байқауы

logo korrup

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар байқауына қатысуға шақырады.

Байқау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан), сондай-ақ БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР) қатысушы-елдерінің жастарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбына плакаттар мен бейнероликтер форматындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманы дайындау ұсынылады.

Өз жұмыстарында конкурсқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін қоғамның барлық деңгейінде және өмір сүруінің барлық салаларында, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңызын көрсетуі қажет.

Жұмыстарды қабылдау конкурстың ресми сайтында www.anticorruption.life ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 1 қазаны аралығында өткізіледі.

Қазақстанның атынан байқауға ұсынылатын үздік жұмыстар жартылай финалистерді іріктеу жөніндегі ұлттық конкурстық комиссияның отырысында анықталып, халықаралық қазылар алқасының қарауына жіберіледі.


Өзіңнің белсенді азаматтық ұстанымыңды білдір!

 

http://www.kyzmet.gov.kz/kk/news/ozinnin-belsendi-azamattyk-ustanymyndy-bildir

 

Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі басымдығы.

Қазіргі уақытта Агенттікпен аталған Стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды орындау жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.

Аталған жоспардың маңыздылығы алдағы үш жылда іске асырылатын елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты оған қосылған іс-шараларға негізделетін болады.

Аталған құжатты талқылауда азаматтардың белсенді қатысуына (сілтеме: https://drive.google.com/file/d/0B1wB55uxyZ-wcm5XM0ZqQWdFMWs/view?usp=sh...) және өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін келесі мекенжай бойынша ((r.shakratova@kyzmet.gov.kzhttps://www.facebook.com/ADGSPK/)) жолдауға шақырамыз.


Батыс Қазақстан облысының

жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

басшысының бұйрығымен бекітілді

2017 жылғы «5 » қыркүйектегі

№ 203-НҚ

 

«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және ол қоғамдық қатынас саласында «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру кезінде пайда болған сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсынымдар жүйесін қамтиды.

2. Стандарт «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік атмосферасына қол жеткізу үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтық көріністі дер уақытында анықтау және олардың теріс салдарын болдырмау үшін арналған.

3. Стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:

1) заңдылық;

2) транспаренттілік;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлықтық көріністерден қорғау;

5) мүдделер қақтығысына жол бермеу.

4. Лауазымдық өкілеттігін атқарған кезде мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және олардың органдары шешімдерімен байланысты болмайды.

5. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында (соның ішінде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі, мемлекеттік қызмет туралы):

1) жеке және заңды тұлғалар құқығы мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде мыналарды қамтамасыз етеді:

азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерін қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;

азаматтардың құқықтарын іске асырудың барынша аз мерзімі және заңды мүддесін;

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына және регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

көрсетілетін қызметті алушының шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушіліксіз тең қол жеткізу;

мыналарға жол бермейді:

азаматтардың өтініштерін қарау кезінде оларға қатысты мәселенi объективтi шешуге мүдделiлiк бiлдiрмейдi деп пайымдауға негiз болған адамдарға тексеру жүргiзудi жүктеу жағдайларына;

өтiнiш берген немесе оның мүддесi үшiн өтiнiш берiлген адамға жеке және заңды тұлғалардың зиян келтiретiн өтiнiшiне: 

шағымдарды iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жiбермеуге;

азаматтардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi немесе отбасы құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету мүмкіндігіне;

жеке тұлғаның жеке басы туралы өтiнiшке қатысы жоқ деректердiң анықталуына;

2) өз құзіреті шегінде басқару және өзге де шешім дайындау және қабылдау кезінде мыналарды қамтамасыз етеді:

құзіретінің ара-жігін нақты айқындауды және барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың келісіп қызмет етуін;

лауазымдық өкілеттікті атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен тапсырмалар шығаруға жол бермеуді;

туыстық, жерлестік және жеке адалдық белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайына жол бермеуді;

меритократия қағидатын сақтауды;

қабылданған шешімдердің заңдылығына жеке жауапты болуды.

3) Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындаған кезде мыналарды қамтамасыз етеді:

нормативтік құқытық актілерді осы актіні қабылдау құзіреті Қазақстан Республикасының заңнамаларында тура қарастырылған жағдайда ғана қабылдауды;

азаматтар құқығын іске асыру жөніндегі шешім жобасын келісу инстанциясының ең аз санын.

4) күнделікті қызметте:

мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтайды және нығайтады;

жалпыға ортақ моральдық-әдептілік нормаларын сақтайды;

мемлекеттік билік беделін қолдауды және Қазақстан Республикасын кемсітушілікке қабілетті және мемлекеттік қызмет мүддесіне қарама қайшы келетін әрекеттерге жол бермеуді, соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың көрінуіне қарсы тұруды, мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамамен белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;

лауазымдық өкілеттігін және олардың негізіндегі беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделеріне пайдалануға әкелетін әрекеттер жасауға жол бермейді;

оларға мәлім болған сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жағдайлар туралы басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына тез арада жеткізуді;

қажет болған жағдайда тікелей басшысына мүдделер жанжалы, қызметтік міндеттерін орындаған кезде жеке қызығушылық білдіру туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық жасауға және сыйлық алуға көндіру туралы мәліметті жеткізеді;

әріптестерге және басшыларға, олардың риясыз қызметтік шешім қабылдауға әсер ететін, орнатылған өзара қарым-қатынас тәртібін бұзатын,  құқықтық емес өтінішпен жүгінбейді;

қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлық қабылдамайды және сыйламайды;

игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;

егер лауазым жақын туыстық (ата-анасы, зайыбы-жұбайы, ағасы-інісі, әпкесі-сіңлісі, баласы) қатынаста тұрған адамдарға тікелей бағыныстылыққа немесе солардың бақылауына байланысты болса, оған тағайындалудан бас тартады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты ашуда белсенділік танытады;

өзінің тікелей басшысына жазбаша түрде орындау үшін алынған өкімнің дұрыстығына күдік келтірілгені туралы дереу хабарлайды;

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды қолдайды;

мүдделер шиеленісі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және олардың салдарының ықтимал туындауының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі шараларды тұрақты негізде қабылдайды;

қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті сақтайды;

басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың қызметтік мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермейді;

өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады.

6. Басшы:

өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болады;

басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады;

қарамағындағылардан лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпейді;

қарамағындағы қызметші өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер шиеленісін реттеу жөніндегі толыққанды шараларды уақытында қабылдайды;

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі толыққанды шараларды қабылдайды;

қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан өзін аулақ ұстайды;

өзінің қарамағындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйіне және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына жол бермеуге жеке-дара жауапты болады.