ҚР-сына шетелдік жұмыс күшін тартуға

2019 жылына арналған квота қалыптастыру туралы

 

  Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметі 2016 жылдың 15 желтоқсанында № 802 қаулысымен бекіткен «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларының» 6 тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдеде 2019 жылына арналған квотаны қалыптастыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Өтінімдер 1 тамызға дейін қоса алғанда Word форматында қағаз және электронды түрде мемлекеттік және орыс тілінде қабылданады. Барлық тартылатын шетелдік мамандардың негіздемесіне қоса жоспарланған жобаларды жүзеге асыру шеңберінде құрылған келісімдерді, көрсетілетін жұмыстарына жұмыс берушілердің келісім-шарттар, көрсетілетін қызметтер және шығарылатын өнімдерді көрсете отырып, экономикалық қызмет түрлері бойынша аталған Қағиданың №2 қосымшада көзделген нысанға сәйкес тапсыру қажет (нысанның үлгісі қосымшада, сонымен қатар нысанды www.aleumet-bko.gov.kz басқарманың сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінен көшіріп алуға болалады).

Жұмыс берушілердің қажеттіліктері әрбір өтінімге қатысты квотаны қалыптастыру бойынша облыстық Комиссияда қаралады, сәйкесінше, құжаттарды сыпайы түрде ресімдеуді, папка-тіркеушіде мекеменің толық атауын, заңды мекен-жайын және қатынас үшін орындаушының байланыс деректерін көрсете отырып тапсыруды сұраймыз. Құжаттар толық немесе белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайларда кері қайтарылатының қаперіңізге береміз.

Өтінімдерді мекен-жайға: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар облыстық басқармасының кеңсесіне және otdel.litsenzy@yandex.ru, u.sobes@bko.gov.kz электронды пошталарға жолдауға болады, телефондар: 8 (711 2)505099.

 

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға 
арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының  өңірлері арасында бөлу     
қағидаларына   2-қосымша         

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуемттік бағдарламалар басқармасына

кімнен                      

________________________________________
________________________________________
(жергілікті атқарушы органның
толық атауы
)

 

2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысына экономикалық қызмет түрлері

бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім

Р/с№ Ұйым (толық атауы, заңды мекен жайы) Экономи- калық қызмет түрі Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік)

2019  жылға шетелдік жұмыскерлердің санаттары

бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік

Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптар ды ескере отырып, қажеттіліктің негіздемесі
1-санат (кәсіптер мен мамандық- тар бөлінісінде) 2-санат (кәсіптер мен мамандық- тар бөлінісінде) 3-санат (кәсіптер мен мамандық- тар бөлінісінде) 4-санат (кәсіптер мен мамандық- тар бөлінісінде) Маусымдық қызметкер- лер
                   
        Барлығы - Барлығы - Барлығы - Барлығы - Барлығы -  

*Ескертпе: Комиссия келесі негіздемелер бойынша өтінімдерді қайтаруы мүмкін, сондықтан негіздемеде көрсетуді талап етіледі:

1) жұмыс берушілердің еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, сондай-ақ жұмыстан босатылатын қызметкерлерді шетелдік қызметкерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы;
 2) шетелдік қызметкерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде өткен және ағымдағы жылдары шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту тәртібінің жойылмаған бұзушылықтарының болуы;
3) шетелдік қызметкерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтарының, оның ішінде өткен және ағымдағы жылдары жұмыскерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы.