Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің барлық кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2018» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен бекітілген «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсын өткізудің ережелеріне» сәйкес конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады. Конкурстың лауреаттары атақтарын тағайындауы келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

- Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын;

- Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын;

- Үздік ұжымдық шарт;

- Экологияға қосқан үлесі үшін.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 1 қыркүйекке дейін.

Конкурс туралы толық ақпаратты www.enbek.gov.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтынан, немесе Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2, 405 каб., www.aleumet-bko.gov.kz. телефон 8/711-2/ 51 28 66