Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында, Еңбек адамының беделін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітілгені баршаға аян.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен өткен жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы өткізіліп келеді.

Осыған орай, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек жолы» конкурсы өткізілетінін хабарлайды.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

 - «Ең үздік еңбек династиясы»;

 - «Ең үздік жас өндіріс жұмысшысы»;

 - «Жас жұмысшының ең үздік тәлімгері».

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер аудандық, қалалық комиссиялармен  2017 жылғы 20 мамыр мен 20 шілде аралығында қабылданады, конкурстың жеңімпаздарын іріктеу ағымдағы жылғы 1 тамыздан 31 тамыз аралығында ОНЛАЙН ДАУЫС БЕРУ арқылы жүргізіледі. Конкурсқа кәсіпорындардың саласына қарамастан  барлық жұмысшылары қатыса алады.

«Еңбек жолы» конкурсы жөнінде толық ақпаратты http://aleumet-bko.gov.kz сайтынан, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (+77112)-50 57 84, 50 64 66  телефондары және жергілікті жұмыспен қамту органдары арқылы алуға болады.

 

Концепция (pdf, 802 Kb)

 

Батыс Қазақстан облысының

жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы