Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес 2017 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстын өткізілуін ашық деп жариялады.

Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.

Конкурс «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша жүргізіледі.

«Парыз» конкурсы жөнінде толық ақпаратты www.enbek.gov.kz сайтынан, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік әріптестік басқармасының (+77172)- 743511 немесе БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (+77112)-514247 телефондары арқылы алуға болады.

«ПАРЫЗ» конкурсына қатысу үшін өтінімдерді Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (Сарайшық көш., 44/2 үй, 3 қабат, 304 каб., тел.514247) жолдауыңыз сұралады.

 

Батыс Қазақстан облысының

жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы