Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығымен бекітілген «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну және оның үлгі нысанын бекіту туралы» қағидасына сәйкес

 

2016 жылы «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі есебі

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 үй, телефон: 8 (7112) 241834 мекенжайында орналасқан «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма);

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны - 41;

оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 27;

тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 41;

қағаз нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 41;

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарт саны - 1, регламент саны - 1;

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат - Басқарма «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына оралман мәртебесін береді.

 

Оралман мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ оралман мәртебесін беру туралы өтінішті Басқармаға немесе Мемлекеттік корпорацияға береді.

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер - Басқарманың 3-қабатында көрнекі жерде ілінді, Басқарманың - http://aleumet-bko.gov.kz/ интернет-ресурсында, «Нормативтік-құқықтық құжаттар» бөлімінде орналастырылды;

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат - 2017 жылдың 17 сәуірінде Басқарманың http://aleumet-bko.gov.kz/ интернет-ресурсында орналастырылды;

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) - 2016 жылы семинар-кеңестер мен дөңгелек үстел 6 рет оздырылды. 6 рет облыстық, қалалық, аудандық газеттерге мақалалар жарияланды. 1 рет «Оралман мәртебесін алу» тақырыбында Қазақстан-Орал телеарнасына сұхбат берілді.

 

Бөлім басшысы                                                                Е.Сагинов