Батыс Қазақстан облысында үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтарында бекітілген 2016 жылы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесін өткізуді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар Жоспарын орындау мақсатында қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін әлеуметтік жобаларды іріктеу жүргізіледі (1 сәуірінен бастап 1 тамызға дейін - өтінімдерді қабылдау).

Облыста әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша Комиссиясы құрылып, «Нұр Отан» партиясы филалының өкілі, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, үйлестіру кеңесінің мүшелері ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының өкілдері, әкімдердің мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшісі және басқа да ұйымдар еңгізілді.

Осыған орай, әлеуметтік жобаларды іріктеуді келесі санаттар бойынша жүзеге асыру қажет:

- жетім балалар;

- мүгедектер;

- әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын азаматтар;

- аз қамтылған және көп балалы отбасылар;

- жұмыссыз және жалғызбасты азаматтар;

- қарт адамдар, ардагерлер және басқа да өмірлік киын жағдайға тап болған азаматтар.

1. Аталған іс-шараларда қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде қызмет атқарып отырған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің қоғамдық ұйымдары, басқа мекемелер, ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

2. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшемшарттарын айқындай алады:

1) жобаның Байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

2) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

3) жобаны сапалы жоспарлау (іс-шараларды жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру);

4) жоба нәтижесінің қолжетімділігі;

5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);

8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;

9) жобаның ұзақтығы (1 жылдан кем емес);

10) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

3. Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

1) ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;

2) жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

4. Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу өлшемшарттарына түзетулер енгізе алады.

5. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша
(№ 1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.

6. Жоғарыда аталған өлшемшарттардың талаптарын сақтамаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып беруі мүмкін.

7. Жобаларды іріктеу кезінде даулы сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болуы мүмкін.

8. Комиссиямен іріктеп алынған жобалар материалдары ағымдағы жылдың 1 тамызына Министрлікке республикалық көрмеге жолданады.

9. Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған барлық сұрақтар бойынша қосымша ақпараттарды алу және ұсыну үшін 090000, Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2,  303, 305 бөлме,  Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 50-81-00, 50-52-32 және электрондық мекенжайларына (zko.otdel.vi@mail.ru) хабарласуларыңыз қажет. 

Сонымен қатар, іріктеу конкурстың өтінімдерінің материалдары жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтында http://aleumet-bko.gov.kz/ жарияланды.

  

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға

1-қосымша

Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс-шараға қатысу үшін өтінім

1.

Әлеуметтік жобаның авторы

 

2.

Әлеуметтік жобаның атауы

 

3.

Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі

 

4.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

 

5.

Қысқаша аннотациясы

 

6.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны

 

7.

Қаржыландыру көздері

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат)

 

8.

Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және  т.б. саны)

 

9.

Презентациялық материал (жобаның логотипі, слайдтар және DVD форматтағы роликтер)

 

10.

Қосымша ақпарат (телефон, факс, e-mail және т.б.)

 

 


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5)  «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

6) «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

7) «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

8) «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

9) «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

10) «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

11) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

12) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

13) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

14) «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

15) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

16) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

17) «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

18) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

19) «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

20) «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Стратегиялық даму департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы   А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін. 

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі                                                Т. Дүйсенова

 

               «КЕЛІСІЛДІ»

     Қазақстан Республикасының

  Инвестициялар және даму министрі

    ____________ Ә. Исекешев   

      2015 жылғы «__» _________

 

           «КЕЛІСІЛДІ»

   Қазақстан Республикасының

     Ұлттық экономика министрі

        ______________Е. Досаев

  2015 жылғы «__» _________