15.12.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 21 желтоқсанда  сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


08.12.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 13 желтоқсанда  сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


30.11.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 6 желтоқсанда  сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер. 

 

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері

1) сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;

2) құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);

3) жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;

4) тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;

5) бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.  

 

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:  

1) Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;

2) Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;

3) Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.

 

Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға  арналған жаднама

Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.    

Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:

1) көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;

2) бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;   

3) табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

1) қоғамдық көлікте:

-  заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;

- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2) үйіңіздің кіре берісінде:

- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);

- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

- тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

 

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;

- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;

- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;

- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;

- табылған заңсыз затты пайдалануға;

- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

 

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде  жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану - бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз.  Оттегін сақтаңыз. 

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша  бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер  және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң  көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

 

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді. 

Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз: 

1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз; 

2) егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз; 

3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;  

4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз; 

5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда көмегі тиеді;

6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды  анықтауға тырысыңыз;

7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;

8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады; 

9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген. 

 

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1) агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;

2) мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;

3) бастапқыдан - ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;

4) пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін  дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;

5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;

6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін  денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.

 

Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:

1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;

2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;

3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына  сеніңіз. 

4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;

5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

 

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Келесі ережелерді ұғып алған пайдалы:

1) аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;  

2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;

3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді   есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды  (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек.

4) егер мүмкіндік боласа, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.  

5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай,  сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық - бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі - өз ішіңізде жатыр. 

 

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі  тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты  үйіңізде естісеңіз:

1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз; 

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты  жұмыс орныңызда естісеңіз:

1)  асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке  немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;  

3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;

4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.


24.11.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 29 қарашада  сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


09.11.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 15 қарашада  сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


20.10.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 25 қазанында  сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


14.10.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 18 қазанында  сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


07.10.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 11 қазанында  сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


«Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағын беру конкурсы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына сәйкес, қазанның соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» мерекеленеді.

Осыған байланысты әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының беделін арттыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ең үздік тәжірибені тарату мақсатында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағын беру конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) өткізіледі. Конкурс 2 кезеңнен, жеті номинация: «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері», «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері», «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері», «Әлеуметтік саладағы үздік менеджер-ұйымдастырушы», «Үздік МӘМ», «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» бойынша өтеді.

Бірінші кезең (іріктеу) ағымдағы жылдың 5-ші қазаннан 15-ші қазанға дейінгі мерзімде өтеді. Екінші кезең (Шешуші) ағымдағы жылдың 15-ші қазаннан 20-шы қазанға дейінгі мерзімде өтеді. Марапаттаудың салтанатты рәсімі 2016 жылы 28 қазанда Астана қаласында өтеді.

Сұрақтар бойынша қосымша ақпараттарды алу және ұсыну үшін 090000, Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2, 206 бөлме,  Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 50-81-70, 51-39-02 және электрондық мекенжайларына a.gabdualieva@bko.gov.kz хабарласуларыңыз қажет.

Конкурсты өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өтеді

 

Конкурсты өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (rar, 312 Kb)


16.09.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 20 қыркүйекте  сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


08.09.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 13 қыркүйекте  сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


02.09.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 6 қыркүйекте сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


26.08.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 31 тамызда сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


Оралмандарды қабылдаудың

өңірлік квотасына енгізу

жөніндегі комиссияны құру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қаңтардағы №4 «Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 8 ақпанда №13013 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысы бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесімен реттелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.

  

 А.Көлгінов

 

 

2016 жылғы «__»_________ №__

Батыс Қазақстан облысы әкімінің

шешіміне қосымша

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша оралмандарды қабылдаудың

өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның құрамы

1.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы

                                      

-         Комиссия төрағасы;

 

 

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының көші-қон бөлімінің  бас маманы      

                                                     

-         хатшы;

 

Комиссия мүшелері:

 

2.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары (көші-қон саласына жетекшілік ететін);

 

3.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің  басшысы;      

 

4.

Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының депутаты С.А.Тұманбаева (келісім бойынша);

 

5.

«Қазақстан Аграриялары» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Н.А.Алдаров (келісім бойынша).

 


18.08.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 23 тамызда сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


11.08.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 16 тамызда сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді. Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


04.08.2016 ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы 2016 жылғы 9 тамызда сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекен жай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе otdel.litsenzy@yandex.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.


Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық   комиссиясының

ШЕШІМІ: 

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы - бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс қатысушылардың болмауына байланысты өтпеді деп танылсын.

     Конкурстық комиссия


Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі №166 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы (docx, 325 Kb)


Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс) 8(7112) 51-39-04, Е-mail: zapkazakim@westkaz.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымна орналасуға Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы. («D-О-1» санаты, 1 бірлік).

«Д-О-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 182 387 (min) теңгеден 246 515 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:

Басқарманың қызметіне басшылық жасау, құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыру, жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдауды жүзеге асыру, жұмыссыздардың біліктілігін және еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, жұмыссыз азаматтарды  кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру, орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы, жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын орындау бойынша мониторингті жүзеге асыру, мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру бойынша мониторингті жүзеге асыру, әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асыру, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асыру, жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру, еңбек нарығының жай-күйін талдайды және болжайды, жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне еңбек нарығының  жай-күйi туралы хабарлау, орташа мерзімді кезеңге арналған аймақтың жұмыспен қамту картасын қалыптастыру, құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мониторингін жүзеге асыру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды ұйымдастыруды үйлестіру, өзінің құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгiзу, халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу, оралмандарды бейiмдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құруды және олардың қызметiн үйлестіру, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында, еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын шетелдiк қызметкерлерге халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алу, этникалық қазақтардан оралман мәртебесiн беруге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдау, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдау, оралман куәлігін беру, этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдау, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдау, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдау, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастыру, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз ету, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастыру, мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiру, бюджет қаражаты есебінен тұрғын - үй көмегін көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіру, өз құзыры шегiнде тиiстi бюджеттер есебiнен, қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолы (барып, қайту) жөнiнде жеңiлдiктер, сондай-ақ материалдық көмек пен көмектiң басқа да түрлерiн көрсету жөнiнде қосымша шаралар белгiлеудi үйлестіру, жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін қамтамасыз ету, халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдау, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстың жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру, жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамаларында және басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру жөніндегі басқарма жұмыстарын ұйымдастыру.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

 Жоғары  білім.

Құзыреттер бойынша талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, В-2, С-2, С-О-2, D-2, D-O-2, E-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, В-2, С-2, С-O-2, D-2, D-O-2, E-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі - Қағида), негізінде жүргізіледі.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.