Хабарландырулар тақтасы

рисунок

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.

рисунок

Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылдың 27 тамызында №141 «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері» Жарлығы бекітілді.

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылғанын хабарлаймыз.

 

рисунок

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылына шетелдік жұмыс күшін тартуға 3361 бірліктен құрылған квота Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы  №3 бұйрығымен белгіленгені туралы хабардар етеді.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе a.gusmanova@bko.gov.kz, i.ignatova@bko.gov.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.

Kvota 04 01 19

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысы ар аптанын Сейсенбі  күні сағат 18-00 де Сарайшық көшесі, 44/2 мекенжай бойынша орналасқан басқарма ғимаратында, 1 қабат, акт залында өткізілетіні туралы хабардар етеді. Қағидаға сәйкес қатысуға ниет білдірушілер Комиссия отырысына қатысуға құқылы.

Барлық мәселе бойынша 8(7112)505099 телефон немесе u.sobes@bko.gov.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.