«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс жариялайды.

090000, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2,  206 – бөлме, анықтама үшін телефондар 8 (7112) 508170, 512640; е-mail: u.sobes@bko.gov.kz

1. Экономикалық жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, Д-О-4, 9-5 Лауазымдық жалақысымемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік сатып алу жоспарын дайындау, «Мемлекеттік сатып алу туралы»   Заңын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» негізінде уактылы өзгерістер және толықтырулар енгізу, мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс жасау, уақтылы мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталда конкурстарды, басқа да хабарламаларды орналастыру, тиісті есебін жүргізу. Мемлекеттік сатып алу барысында құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру.

Мемлекеттік сатып алуға байланысты бухгалтерлік құжаттардың дұрыс толтырылуын және жасалатын операциялардың заңдылығын тексеру, есепке алынатын бухгалтерлік құжаттардың (шот-фактура, жүк құжаттары және т.б.), орындалған жұмыстардың актілерін, өнім берушілерден алынған тауарлардың және көрсетілген қызметтердің төлем шоттарының жобасын және қазынашылық бөлімшесіне тапсырылатын азаматтық-құқықтық келісімдердің өтінімдері мен тізілімдерін «Қазынашылық-клиент» бағдарламасы арқылы аумақтық қазынашылық департаментіне жеткізуі.

Жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасын (ҚБШ), республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алуды жүзеге асыру.

Мекеменің қаржыландыру жоспарын уақытында орындалуын, соның ішінде басқарма қызметкерлерінің еңбекақысын уақытында төлеу, зейнетақы төлемдерін, салықты, әлеуметтік төлемдерді мерзімінде аудару, аудандық және қалалық ағымдағы трансферттерді уақытында аударуды қамтамасыз ету.

Басқарманың төлеуге берілетін шоттарын уақтылы және сапалы жасақталуы және «Қазынашылық-клиент» бағдарламасы арқылы аумақтық қазынашылық департаментіне мемлекеттік сатып алу бойынша жасақталған келісімдер бойынша  жеткізуі. Басқарма бойынша барлық жасақталған келісім шарттардың орындалу мерзімінің сақталуын қадағалау, орындалған келісім шарттардың портал арқылы жабылуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білімдер.

Құзіреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыстелефоны____________________________________________

____________________________________________________________________________

________               ____________________________________

 (қолы)                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының

3-қосымшасы

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 

ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

I. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР
ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

____________________________

тегi, аты, әкесiнiңаты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)

________________________

(лауазымы/должность, санаты/ категория

болған жағдайда/ при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 
Оқуорнынбiтiргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығыбойыншабiлiктiлiгi, ғылымидәрежесi, ғылымиатағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 

Шетелтiлдерiнбiлуi/

Владение иностранными языками

 

Мемлекеттiкнаградалары, құрметтiатақтары(болған жағдайда)/

Государственные награды, почетные звания(при наличии)

 
Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшенi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/

должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема босатылған/ увольнения
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

 

________________                                                                                      ______________

Кандидаттың қолы                                                                                            күні/дата

Подпись кандидата