Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс) 8(7112) 51-18-99, Е-mail: zapkazakim@westkaz.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымына орналасуға Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, бірлік. «D-О-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 182 387 (min) теңгеден 246 515 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық мiндеттерi:  

Басқарманың қызметіне басшылық жасау, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды, кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдауды жүзеге асыру, жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыр, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті, жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындауды жүзеге асыру, өзінің құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгiзу, жұмыс берушілермен шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсыну, оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құру жөніндегі шараларды және олардың қызметiн ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді және (немесе) ұзартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алу, этникалық қазақтардан оралман мәртебесiн беруге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдау, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдау, оралман куәліктерін беру, этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдау, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы, Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдау, ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастыру, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз ету, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді,  мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастыру,  мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiру, жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын-үй көмегін көрсету жөніндегі жұмысты; өз құзыры шегiнде тиiстi бюджеттер есебiнен, қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолы (барып, қайту) жөнiнде жеңiлдiктер, сондай-ақ материалдық көмек пен көмектiң басқа да түрлерiн көрсету жөнiнде қосымша шаралар белгiлеудi үйлестіру, жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құру  жөніндегі шараларды және олардың қызметін, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін, халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету,  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдау, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру, жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамаларында және басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру жөніндегі басқарма жұмыстарын ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:  

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (еңбекті ұйымдастыру және нормалау, әлеуметтану, экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), құқық (құқықтану), көрсетілетін қызметтер (әлеуметтік жұмыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина), білім беру (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Құзыреттер бойынша талаптар:  

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, С-2, С-О-2, D-3, D-O-2, E-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, С-2, С-О-2, D-3, D-O-2, E-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, В-4, С-2, С-О-2, D-3, D-O-2, E-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери атағында аға офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төиен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, С-2, С-О-2, D-3, D-O-2, E-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:  

1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)    тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:  

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

_______________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

  Өтініш

     

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________

________                                               ___________________________________
  (қолы)                                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Приложение 3
к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса «Б»

  «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»  

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
 
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
 ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 
     

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата