«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ 090000, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2,  206 – бөлме, анықтама үшін телефондар 8 (7112) 513902; 508170, е-mail: u.sobes@bko.gov.kz

Әлеуметтік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, 1 бірлік № 6-1. «D-O-3» санаты үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 109932 (min) теңгеден 148242 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

1. Әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, «Е-Биржа» Порталда өтініш білдірген азаматтарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік мәртебе анықтау және ақпараттық жүйелерде өзектендіру мониторингі, Жол картасын әзірлеу және еңгізу, халықты жұмыспен қамту орталықтардың кейбір функцияларын жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне аутсорсингке беру жұмыстарын үйлестіру қызметтері.

2. Қазақстан Республикасы статистика агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген айлық және тоқсандық есептер жүргізу және мониторинг жұмыстарын қамтамасыз ету: жұмыспен қамту бойынша 1-Т (жұмысқа оранластыру), 2-Т (еңбек нарығы), «Жасырын жұмыссыздық туралы (қысқарған және жартылай жұмыспен қамтылған қызметкерлер, жалақы жөніндегі берешектер туралы)» 3-ТН индексті, «Жол карта мониторингі» (орындалу бойынша есебі).

3. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен интернет-порталмен жұмыс істей, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу. Шынайы уақыт режимінде жұмыс істейтін «Еңбек нарығы» (дербес есепке алу, бақылау және талдау, халықты жұмысқа орналастыру жүйе), «Өзектендіру мониторингі» (әлеуметтік мәртебе тағайындау дерекқор), «Е-Собес» (қатысушыларына тағайындау және әлеуметтік көмек іс-шаралар орындау орталықтандырылған мониторинг - ардагерлер мен мүгедектерге барлық көмек түрлері, біржолғы материалдық көмек көрсету, коммуналдық қызмет), «Түлектер» (жасы және білімі бойынша ҚР студенттер туралы деректер базасы), «Босатылатын қызметкерлер» (уәкілетті органға жұмыс берушілер ұсынылатын және алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы), «е-Халық» (ауылдық округі әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны), «Әлеуметтік көмек» (жана форматтағы әлеуметтік көмек көрсету: шарты және шартсыз  ақшалай көмек, тұрғын үй көмегі), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен жасақталған автоматтандырылған ақпараттық жүйелер бойынша сүйемелдеу, енгізу, өндеу жұмыстарын қамтамасыз ету.

4. Бөлім жұмысына басшылық жасау және ұйымдастыру, әлеуметтік бағдарламалар мониторингі және бағдарламалық қамтамасыз ету жалпы басшылықты жүзеге асыру, бөлім мамандары арасындағы міндеттерді бөлу, аудандық және қалалық жұмыспен қамту бөлімдеріне, орталықтарына автоматтандырылған ақпараттық жүйе бойынша әдістемелік көмек көрсету, тапсырмалардын орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, басқа облыстық органдармен, атқарушы, ұсынушы билікпен, кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп тапсырмаларды орындау мақсатында жұмыс жасау.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жобаны басқару, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, есеп және аудит, саясаттану, экономика), білім (информатика, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, педагогика және психология), осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білімдер.

Құзыреттер бойынша талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)    тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді.

Қосымша ақпарат

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________________

                                                                                                    (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_______________________________________________________________

___________________________________________________________________

 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________

___________________________________________________________________

________       ____________________________________

(қолы)           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«_____»_______________ 20 ____ ж.