Бос орындар

«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс жариялайды.

090000, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2,  206 – бөлме, анықтама үшін телефондар 8 (7112) 513902; 508170, е-mail: u.sobes@bko.gov.kz

1. Әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы, Д-О-4, (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне) Лауазымдық жалақысымемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Облыс аумағын дамыту Бағдарламасын, басқарманың Стратегиялык жоспарын орындалуын іске асыру, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын дайындауға қатысу. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің әлеуметтік бағдарламалар мен жергілікті жерлердегі әлеуметтік төлемдердің: атаулы әлеуметтік көмектің, тұрғын үй көмегін, үйде оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біріне берілетін материалдық көмек, аз камтылған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің тағайындалуы, төленуі жөнінде мәліметтер сұрату, талдау жүргізу. Әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын бюджеттік қаржылардың шығындары мен дұрыстығын қадағалай және талдай білу.

Аудандық (қалалық) жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, жұмыспен қамту орталықтарына  әлеуметтік төлемдер бағытында түйінді мәселенің шешімін табуна қол жеткізу. Әлеуметтік төлемдер бойынша аудандық, қалалық бөлімдерге, жұмыспен қамту орталықтарына  әдістемелік және практикалық көмектер көрсету.

«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ бос жұмыс орындарына  конкурс жариялайды.

 

090011, Орал қаласы, Круглоозерное кенті, Советская көшесі,87,  кадр бөлімі, анықтама үшін телефондар 8 (7112) 520215; 520070, е-mail: krug_msu@mail.ru

 

1. Дәрігер-невропотолог –  1,5 бірлік,

2. Дәрігер-психиатр – 1 бірлік,

3. Дәрігер-терапевт– 1,5  бірлік.

Қойылатын талаптарЖоғары медициналық білім, мамандығы бойынша сертификаты қажет, еңбек өтілі талап етілмейді.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткер таңдау конкурстық комиссиясы отырысының 2018 жылғы 14 тамыздағы  №31 №32 хаттамасынан үзінді

Комиссия отырысы шешім етті:

Экономикалық жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы 9-2, Д-О-4санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына Галимова Гульмира Жумагуловнаның кандидатурасы ұсынылсын.

Экономикалық жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы 9-5, Д-О-4 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына Баймуханов Саян Қуанышұлының кандидатурасы ұсынылсын.

 

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлермен әңгімелесу өткізу комиссиясы отырысының хаттамасы

 

Конкурстық комиссия шешімі:

1. Экономикалық жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, Д-О-4, 9-2 санаты бойынша бос лауазымына:

1. Галимова Гульмира Жумагуловна - әңгімелесуге жіберілсін.

 

2. Экономикалық жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, Д-О-4, 9-5 санаты бойынша бос лауазымына:

1. Баймуханов Саян Қуанышұлы - әңгімелесуге жіберілсін.

 

«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс жариялайды.

090000, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2,  206 – бөлме, анықтама үшін телефондар 8 (7112) 508170, 513902; е-mail: u.sobes@bko.gov.kz

1. Экономикалық жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, Д-О-4, 9-2 Лауазымдық жалақысымемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431теңгеге дейін.

Функционалдық мiндеттерi:

1. Басқарманың бюджеттік бағдарламасын дайындау, өзгерістер енгізу, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын дайындау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму барысын болжау. Ағымдағы нысаналы трансферттердің мониторингін жүргізу және есебін тапсыру, аудандық және қалалық ағымдағы трансферттерді уақытында «Қазынашылық-клиент» бағдарламасы арқылы аумақтық қазынашылық департаментіне жеткізуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрлігі мен облыс әкімдігі арасында облыс тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөніндегі меморандум бойынша есептер дайындау.