Оралмандар туралы. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылдың 01 қазанға  65  адам этникалық қазақтар қабылданып, оралман мәртебесі берілді, оның ішінде Ресей Федерациясынан 57 адам, Өзбекстан Республикасынан 7 адам, Әзербайжан Республикасынан 1 адам, Келген оралмандардың арасында еңбекке жарамды жастағылар – 49 адам, зейнеткерлер – 6 адам. Еңбекке жарамды тұлғалардың ішінде 6 адам жоғары білімді, 26 адам орта кәсіптік білімді, 17 адам жалпы орта білімді, оның ішінде 25-і тұрақты жұмыста, 21-і өзін-өзі қамтыған, Көшіп келген оралмандардың облыс бойынша орналасуы: Ақжайық ауданы – 1 адам, Бөкейорда ауданы– 3,  Бөрлі ауданы – 9 адам, Бәйтерек ауданы– 9 адам, Казталов – 1 адам, Қаратөбе – 1 адам, Сырым – 1 адам, Тасқала – 1 адам, Теректі – 3 адам, Шыңғырлау – 2 адам, Орал қаласы – 34 адам,44- адамға оралман мәртебесі ұзартылды.


«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында 2050 жылға дейінгі ұлттық жаңа саяси бағытын айқындауда өзге де мәселелермен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударады. Мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында халыққа мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсету негізгі міндеттердің бірі ретінде айқындалды.

Қазіргі таңда заман талабына сай мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге күннен күнге сұраныс жоғарылап келеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірі - «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметті Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көрсетеді (бұдан әрі – Басқарма). «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 қарашадағы № 516 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. (бұдан әрі – Стандарт) Енді Стандартқа енгізілген өзгерістерге сәйкес өтінішті қабылдау мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру басқарманың кеңсесі арқылы және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 186 бұйрығымен тағы да өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес берілген оралман мәртебесінің мерзімі аяқталған оралмандар көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға оралман мәртебесін ұзарту туралы өтініш бере алады.

16 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу үшін оралмандар мәртебесін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы барлық мәліметтер Басқарманың http://aleumet-bko.gov.kz/ интернет-ресурсында, Нормативтік-құқықтық құжаттар бөлімінде орналастырылды, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефоны: 8 (7112) 24 18 34.


Оралман мәртебесін беру тәртібі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген Оралман мәртебесін беру қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес оралман мәртебесі тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтарға, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына беріледі.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

 «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Стандартқа сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы №204 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен (15.04.2016ж. №122 қаулысымен өзгерістер енгізілген) бекітілді.

«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштерді қабылдау Басқарма арқылы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:

1) өмірбаян (еркін нысанда);

2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосуреті;

3) нотариат куәландырған аудармасымен өтініш білдіруші үміткердің және онымен бірге қоныс аударушы оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің, қазақ ұлтына жататынын растайтын тағы басқаларының) көшірмелері;

4) отбасы отағасына, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (бар болса) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) берілгені туралы анықтаманың көшірмесі немесе ЖСН бар екендігін растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатында қазақ ұлтына жататыны туралы ақпарат болмаған жағдайда, оларға көрсетілетін қызметті алушының және тұрақты тұру мақсатында тарихи отаны Қазақстан Республикасына келген, Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерлерде тұрақты тұрған онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерлерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларының этникалық қазақтарға жатқызылғанын растайтын құжаттардың (аттестат, диплом, білім алғаны туралы куәлік, еңбек кітапшасы және тағы басқалар) көшірмелері беріледі.

Салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар да және көшірмелер де ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаян мен фотосуреттен басқа) көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Басқарма Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш тіркелген күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.

Оралман болып танылған адамдарға және оның кәмелетке толған отбасы мүшелеріне белгіленген нысан бойынша оралман куәлігі беріледі. Оралманның кәмелет жасына толмаған отбасы мүшелері көрсетілетін қызметті алушының немесе оның жұбайының (зайыбының) куәлігіне жазылады.

Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары бойынша:

 «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 22 шілдедегі №477-V Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-бабына сәйкес:

- Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады.

-  Оралман мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:

1) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн  бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен;

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;

4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.

Заңның 23-бабына сәйкес оралман мәртебесi тоқтатылады:

1) оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн;

2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылған жағдайда;

3) оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін.


Байланыс ақпараты: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 мекенжайында орналасқан Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолығуға немесе (8 711 2) 24 18 34 телефон арқылы хабарласуға болады.