рисунок

Шыңғырлау арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық айлығы басталған сәттен бастап түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Қызмет алушыларды  мерекелерімен құттықтауға және сыйлықтар табыстауға Шыңғырлау аудан әкімінің орынбасары А.Бисенбаев, «Нұр Отан» партиясының төрағасы С.Байтенова және Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы А.Сұлтанов келіп кетті. Мерекенің алғашқы күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлерлері концерт қойып, қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Аудандағы «Я и Ты» шаштараз салонының иесі қызмет алушылардың шаштарын қиып, шаш үлгілерін ретке келтіріп берді. Қайырымдылық айында осындай игі іс жасаған жеке кәсіпкерге барша қызмет алушы алғыстарын білдірді.

рисунок