2015 жылдың 09 желтоқсанында БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған семинар өткізілді.

(аудио нұсқасын тыңдау үшін нашар көретіндерге арналған нұсқада, оң жақ жоғарыдағы үшбұрыш батырмасын басу қажет)

Семинарға басқарманың басшылары және мамандары, сонымен қатар ведомствалық бағыныстағы медициналық-әлеуметтік мекемелерінің мамандары қатысты. Семинар барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы,  сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды ескертудің өзекті мәселелері және оларды жасағаны үшін жауапкершілік туралы сұрақтар талқыланды. Семинар барысында көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Кәсiптiк одақтар туралы» ҚР Заңы талқыланды.