рисунок

26 қыркүйек күні Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен қызмет алушылары арасында күзгі спартакиада өтті.

Шараға Орал, Бәйтерек, Бөрлі, Жалпақтал, Тасқала, Ақжайық, Ақсай, Дариян, Казталовка, Круглоозерный, Шапағат арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен қызмет алушылары қатысты. Аталмыш орталықтардың қызмет алушылары қатарында І және ІІ топ мүгедектері, қариялар және 18 жастан асқан психоневролиялық ауытқуы бар мүгедек жандар болды. Шараның ашылу салтанатында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Құлқаев Алтай Есмағұлұлы мен Дариян ауылдық округі әкімінің орынбасары Ажиев Нурлан Курмангалиевич сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс негізінен төрт спорт түрі бойынша, яғни қол күресі, үстел теннисі, шахмат, волейбол ойындарынан ұйымдастырылды. Нәтижесінде қол күресінен І орынды Ақсай, ІІ орынды Круглоозерный, ІІІ орынды Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының командасы иеленсе, волейболдан Дариян І орынға, Казталовка ІІ орынға, Круглоозерный ІІІ орынға ие болды. Теннистен әйелдер арасында І орын Бөрлі, ІІ орын Дариян, ІІІ орын Ақсай командасына бұйырса, ерлер арасындағы сайыста І орынды Орал, ІІ орынды Ақжайық, ІІІ орынды Круглоозерный командасы қанжығасына байлады. Шахмат ойынынан жалпы командалар арасынан Круглоозерный І орын, Бөрлі ІІ орын, Орал ІІІ орын алды. Жалпы командалық есеппен Круглоозерный І орынға, Орал ІІ орынға, Ақсай ІІІ орынға ие болып, жеңіске жетті. Барша қатысушылар арасынан үздік деп танылған жүлдегерлерге арнайы диплом, медаль, кубоктар беріліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.