рисунок

27 тамыз күні Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Чуб Гавриил Яковлевич мерейлі 95 жасқа толды.

Мерейтой иесін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ысқақова Ділдаш Салауатқызы арнайы барып, құттықтап қайтты. Мекеме қызметкерлері де ардагердің туған күнін елеп, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырып, ізгі тілектерін жолдады. Өз кезегінде соғыс ардагері Чуб Гавриил Яковлевич барша құттықтаған жандарға алғыс білдірді.