рисунок

23 тамыз күні қалалық көпбейінді аурухана ғимаратында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірлік штаб отырысы өтті.

Аталмыш басқосуға өңірлік штаб мүшелері, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасының және ішкі саясат басқармасының өкілдері, «Сенім» кәсіподақ ұйымының медицина қызметкерлері және мединалық ұйымдардың басшылары мен орынбасарлары қатысты. Жиында облыс әкімінің орынбасары Конысбаева Бибигуль Тишановна төрағалық етті.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында бейресми жұмыспен қамтылған халықты рәсімдеу және нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына тарту жұмыстары жөнінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшының орынбасары Хангереев Самат Нағымұлының баяндамасы тыңдалды.

рисунок