Smart City шеңберінде тұрғындардың қалалық сервистерге қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың арыз-шағымдарын тез арада қабылдап, дереу әрекет ету мақсаттарында ағымдағы жылы апаттық-коммуналдық қызметтердің 109 қалалық call-орталығы, «Smart Uralsk» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Тұрғындарға 109 call-орталығы арқылы тәулік бойына ТҮКШ сұрақтары бойынша хабарласу мүмкіндігі ұсынылған, ал «Smart Uralsk» қосымшасында отыздан астам ең өзекті қалалық сервистер мен қызметтер шоғырландырылған. Оған қосымша Telegram мессенджерінде iKomek Uralsk чат-боты құрылды, осы чаттың көмегімен тұрғындар 109 қызметіне тұрғын үй-коммуналдық сұрақтар бойынша жүгініп, жеке сұрақтары бойынша аудандардың немесе қаланың әкіміне арыз-шағым жолдай аласыз.