23 07 19 news 1

19 шілде күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында жастар саясаты мәселелері басқармасының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Орал қаласы әкімдігі, халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп «Uralsk JOB Fair - 2019» бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырды.

Аталмыш шарада облыс бойынша «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі» АҚ, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, халықты жұмыспен қамту орталығы мен жастар ресурстық орталығының өкілдері болды. Жәрмеңкеде тұрғын үй, кәсіп ашу, «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», мемлекеттік қызметке орналасу, қысқа мерзімді оқытулар тұрғысында бірқатар мәселелер қамтылып, мамандар тарапынан тиісті кеңестер берілді. Шара барысында жалпы 12 ауданнан 360, ал қала көлемінде 150 ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Аудандар бойынша мұғалімдер мен дәрігерлерге сұраныс көп болса, қалада фрезерлеуші, дәнекерлеуші, электрик, бетон құюшы сынды мамандар тапшы екен. Жәрмеңкеде ұсынылған бос орындаға құжаттары сәйкес келетін азаматтардың түйіндемелері қанағаттандырылып, алдағы уақытта жұмысқа орналасу үшін жолдамалар берілетін болады.