14 маусым күні Бәйтерек ауданында «Дариян» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұсауы кесілді.

Шара барысында сөз алған басқарма басшысы Алтай Есмағұлұлы өз сөзінде:
- Жалпы облыс бойынша 12 орталық қызмет етеді. Оның 10-ы шағын сыйымдылықты орталықтар болып табылады. Міне, бүгін 13-ші Орталықтың тұсауын кесіп отырмыз. Негізінен мекемеде әлеуметтік күтім мен медициналық көмекті қажет ететін 55 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну көзделуде. Осы әлеуметтік нысанның ашылуы бір жағынан өмірлік қиын жағдайдағы қызметке мұқтаж жандарға көмегін тигізсе, екінші жағынан жергілікті тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін болады, - деді.

Келген қонақтар қатары да алма-кезек сөз алып, Дариян
орталығының қызметкерлеріне сәттілік пен еңбектеріне жеміс
тіледі. Салтанатты түрде лента қию рәсімі өткеннен кейін, барша
мейман нысанның ішін аралап, акт залында өткен мерекелік бағдарламаның куәгері болды.