20 06 19 news 1

Аз қамтылған  және көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жасақталған «Отбасы Бизнес» жобасы бойынша ақпарат

Қазіргі таңда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамтамасыз ету мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болып табылады.

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік жобасы шеңберінде, облыс көлемінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, соның ішінде несие және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға жәрдемдесу мақсатында«Отбасы Бизнес» жобасы жасақталып, жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды кәсіпкерлікке тарту, Бағдарлама аясында несие және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алып өз ісін ашуға жәрдемдесу болып табылады.

Жоғарыда аталған санаттағы азаматтар аталмыш жобаға қатысу үшін тұрғылықты мекен-жайы халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жолығып, несие немесе мемлекеттік грант алуға ниет білдіруі қажет. Аталмыш мекемелер ең алдымен, осы санаттағы азаматтарға өз ісін ашу мақсатында несиелер мен гранттар алу механизмдері бойынша кеңестер береді, «Бизнес-Бастау» және «Бизнес-Кеңесші» жобалары аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытады, сонымен қатар, несие мен гранттар алу бойынша сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп, өз ісін ашуға жәрдемдеседі.

Жергілікті атқарушы органдар, аудан (қала) әкімдіктері «Отбасы Бизнес» жобасыаясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз ісін ашуғақажетті ғимараттармен қамтамасыз етуді, оларға жердің бөлінуін, үйден қызмет етуге арнайы жұмыс орындарын құруды және жоба бойынша тағы басқа шараларды қамтамасыз ете отырып, жалпы жобаны жүзеге асыру, ұйымдастыру шараларын қабылдайды.

Жобаны жүзеге асыру барысында 1200 - ден астам аз қамтылған және көп балалы отбасыларға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өз ісін ашу мақсатында несиелер мен мемлекеттік гранттар алу механизмдері бойынша кеңестер беру(соның ішінде Тасқала ауданы – 65 адам), 200 - ден аса аз қамтылған және көп балалы отбасыларды «Бизнес-Бастау» және «Бизнес-Кеңесші» жобалары аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту(соның ішінде Тасқала ауданы – 10 адам), осы санаттағы 40-қа жуық адамға несиелер (соның ішінде Тасқала ауданы – 3 адам)мен 200-ден астамадамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру (соның ішінде Тасқала ауданы – 31 адам)жоспарлануда.