29 12 18 news 1

Жаңа жыл қарсаңында Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында еңбек етіп, кейін осы басқармадан зейнеткерлікке шыққан ардагерлермен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында еңбек және соғыс ардагері Сафин Хамза Абдрахманұлы, еңбек ардагері, 1988-1995 жылдар аралығында  басқарма басшысы болып еңбек еткен Көжекова Роза Лукьяновна және басқа да ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, басқарма ұжымына және оның кәсіподақ ұйымына өз алғыстарын білдірді. Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Есмағұлұлы  Құлқаев   қонақтарға бүгінгі таңда әлеуметтік салада болып жатқан өзгерістерді айта келе, келешекте атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті.

Кездесу барысында ардагерлерге мерекелік дастархан жайылып, соңынан шағын сый-сыяпаттар көрсетілді.

29 12 18 news 2