(аудио нұсқасын тыңдау үшін нашар көретіндерге арналған нұсқада, оң жақ жоғарыдағы үшбұрыш батырмасын басу қажет)

2015 жылдың 12 қарашасында Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту тәжірибесімен алмасу жөніндегі» облыстық семинары өтті. Семинарға аудан әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы және жауапты қызметкерлері, мәслихат хатшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушылар бейімдеу жүргізілген ғимараттардағы сыртқы пандус, тайғаққа қарсы жабын, ақпарат алуға арналған мәтіндік табло, кабинеттердегі Брайль жүйесімен жазылған жазбалар, санитарлық тораптардағы орнатылған тірек тұтқалар, балдақ ілуге арналған ілмектер және мүгедектерге көлікпен тоқтауына арналған арнайы тұрақ белгілері орнатылған орындармен танысты.

Сондай-ақ «Жас Дарын» қоғамдық қорының жұмыстарының презентациясы көрсетіліп, мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмыстарын көріп, танысты.