рисунок

2018 жылғы 14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне байланысты мерекелік жиын өткізілді. Салтанатты жиында басқарма басшысы Құлқаев Алтай Есмағұлұлы басқарма қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі  Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бірқатар басқарма қызметкерлеріне  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің наградалары мен алғыс хаттарын тапсырды.

Атап айтқанда:

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен көші-қон бөлімінің басшысы Сагинов Ерболат Тілекқабылұлы марапатталды.

-  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет Грамотасымен Мүгедектер істері жөніндегі бөлімнің басшысы Құрманбаева  Миргул Әбуханқызы марапатталды.

 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алғыс хатымен «Парыз» республикалық байқауының өтуіне елеулі үлес қосқаны үшін рұқсат беру және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Гусманова Азат Бақытқызы марапатталды.

рисунок

рисунок

рисунок