Үстіміздегі жылы үшінші рет республикалық "Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" көрмесі өткізілуде.

(аудио нұсқасын тыңдау үшін нашар көретіндерге арналған нұсқада, оң жақ жоғарыдағы үшбұрыш батырмасын басу қажет)

Көрменің мақсаты: өмірде қиын жағдайға тап болған мүмкіндігі шектеулі жандарға, қоғамдық бірлестіктерге және қоғамның әлжуаз топтарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған, қолдау көрсетуге арналған.

Іс-шараның ұйымдастырушысы республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Облыстық  деңгейде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы. Биылғы жылы бұл байқауға 7 үміткер өз жобаларын ұсынып, қатысқан болатын. Оған қоғамдық бірлестіктердің, мүгедектер мекемелерінің, жеке тұлғалар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, жұмыстарын ұсынды.
Атап айтсақ: «Диабет», «Ақсай жастары», «Нұр шуағы» және «Демеу» қоғамдық бірлестіктері және Тасқала ауданының «Педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті», «Круглоозерный психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі» және «Жас Дарын» коммерциялық емес қоғамдық қоры.

Облыстық деңгейде көрмеге қатысушылардың жобаларын іріктеу комиссиясы қарап «Ақсай жастары» және «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестіктерінің жобаларын үздік деп танып республикалық көрмеге жолдаған болатын. Республикалық деңгейде көрме қазан айының 23-де Астана қаласында өтті.
Біздің облысымыздан барған қатысушыларымызға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан халқы ассамблеясының алғыс хаттары табыс етіліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.