Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында, Еңбек адамының беделін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітіліп, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық байқауы белгіленді.

Қазіргі таңда «Еңбек Жолы» байқауының аудандық (қалалық) кезеңі өткізіліп, облыстық кезеңінде дауыс беру онлайн нәтижесі бойынша және конкурстық комиссия шешімімен үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Бүгінгі күні, форум аясында «Еңбек жолы» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтау мақсатында Министрліктің www.enbek.gov.kz ресми сайтында қатысушыларға онлайн дауыс беру науқаны басталды, дауыс беру ағымдағы жылдың 20 қазанға дейін жүргізіледі.

Осыған орай, республикалық конкурсқа біздің облыстың атынан қатысып жатқан төмендегі номинанттарға:

1. «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Сатбаевтар әулетіне (Орал қаласы, «Uniserv» ЖШС), https://www.enbek.gov.kz/ru/enbek-joly/933/2018;

2. «Өндірістің ең жас жұмысшысы» номинациясы бойынша А.Ғиззатқа (Орал қаласы, «Батыс су арнасы» ЖШС), https://www.enbek.gov.kz/ru/taxonomy/term/996;

3. «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері» номинациясы бойынша С.Қожантаевқа (Бөрлі ауданы, «Конденсат»АҚ) онлайн режимінде https://www.enbek.gov.kz/ru/enbek-joly/935/2018 дауыс беріп қолдауға шакырамыз.