Бәріңізге белгілі ағымдағы жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу жоспарланды, алайда аталған жүйеге көптеген мәртебесі белгісіз азаматтар қол жеткізе алмай қауып орын алуына байланысты алдағы уақытқа ауыстырылды. Олар нысаналы топтарға жататын - міндетті зейнетақы жарнасыз жұмыс жасайтын жалдамалы жұмысшылар, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелмеген жұмыссыздар, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Осыған орай, Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесіне  көшуге әзірлік жұмыстары барысында облыс бойынша жұмыстың бірінші кезеңі 2017 жылдың сәуір айынан бастап жүргізілген аула аралау барысында 198 349 адамның мәртебелерін анықтау жұмыстары жүргізілді.

 Мемлекеттік органдардың дерекқорларында азаматтардың мәртебелерін өзектендіру жұмыстарынан соң 2017 жылдың сонына жоғарыда аталған 198 349 адамның ішінен 107 426 адамның (54,2%) мәртебелері өзектендірілді.

Мақсатты топқа жататын халықтың қызметін рәсімдеу және жұмыспен қамту шараларына тарту мақсатында облыс бойынша «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына және тиісінше Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы» жасақталып, бекітілді, аталған карта мынадай мақсаттарды көздейді:

- мемлекеттік органдардың дерекқорларында азаматтардың мәртебелерін анықтап нақтылау және өзектендірудің кешенді жұмысын уйымдастыру;

-  бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін рәсімдеу және нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту;

-  бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел әкономикасына тарту бойынша кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Ағымдағы 2018 жылдан бастап мемлекеттік органдардың дерекқорларында 90 923 тұлғаның мәртебелерін өзектендіру қажет болса, бүгінгі күнге мәртебелері өзектенгені 38 374 тұлға немесе 42,2%.

Мәртебелері өзектенбеген тұлғалар саны 52 549 азаматты (58%) құрайды, сонын ішінде бас бөлігін құрайтын 30 952 адам, немесе (34%) олар:

-12 922 бейресми жұмыспен қамтылғандар санын құрайтын МЗЖ (Міндетті зейнетақы жарнасы) жоқ жұмыс жасайтындар,

- 14 157 - нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар,

-3873 - тіркелмеген жұмыссыздар,

Сонымен катар  мәртебелерін өзектендіру қажет  ететін үй шаруасындағы әйелдер 17 326 адам, 2675 қоныс аударғандар оның ішінде еңбек мигранттары 2055 адам, 522 студенттер және 1067 мәртебелері белгісіздер.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты нәтижелі жұмысқа тарту бойынша шаралар жүргізілуде. Ағымдағы жылға жоспар – 20 269 адамды құрайды. 

01.09.2018 жылға жұмыспен қамту шараларына 16 494 адам тартылса, соның ішінеде 3585 адам «Нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған» және «Тіркелмеген жұмыссыз» санаттарынан, оның ішінде жолданды:

* 509 – қысқа мерзімді оқуға;

* 497 – әлеуметтік жұмыс орындарына;

* 217 – жастар практикасына;

* 732 – қоғамдық жұмыс орындарына;

* 1630 – бос жұмыс орындарына;

Медиа жоспар аясында еңбек қатынастарын рәсімдеу және нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту, сонымен қатар зейнетақы, әлеуметтік-медициналық сақтандыру  жүйелеріне тарту ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдау жөнінде 47 258 хабарлама таратылды, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 93 мақала жарияланды. Аймақтық кәсіпкерлер палатасының, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі органдардың қатысуымен ауылдық округтар мен қалаларда 636 нысаналы топтармен кездесулер өткізілді, әлеуметтік желілерде 180 түрлі арнайы түсіндіру жұмыстар жүргізілді, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған, сондай-ақ, өз қызметін заңдастыру және түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында тиісті мемлекеттік қолдауды түсіндіру бойынша 9932 іс-шаралар жүргізілді. Халық көп шоғырланатын орындарда аталған тақырып бойынша 73 баннерлер орналастырылды.

Бүгінгі таңда рәсімдеу бойынша жұмысты салық және әлеуметтік жарналарды аудару жүктемелері, тіркеудегі және есептегі қиындықтар бойынша факторлар ұстауда. Рәсімдеу бойынша жұмыстардың негізгі шаралары Жол картасының екінші бағыты аясында жүзеге асырылатын болады, жеңілдетілген тіркеу мен жаңа салық режимін енгізу бойынша жүйелі шараларды қарастыра отырып.  

Бүгінгі таңда «Бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін заңдастыру сұрақтары бойынша ҚР заң актілеріне өзгеріс енгізу туралы» Заң жобасы жасақталуда. Заң жобасының аясында арнайы салықтық режим - Біріңғай жиынтық төлемді енгізу ұсынылуда, төлем арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін автоматты түрде тіркеуді жүргізеді.    

Төлем жүргізілген кезде кәсіптік не еңбек қызметі автоматты түрде тіркеліп, жүргізілген қаражат зейнетақы қорымен, медициналық және әлеуметтік сақтандыру қорлары арасында бөлінеде.