«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 10-тармағына сәйкес 2018 жылдың ІІ тоқсаны бойынша басқармаға келіп түскен арыз-өтініштерге талдау жүргізілді.

2018 жылдың ІІ тоқсаны бойынша Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 59 өтініштер түсті. Оның 49-ы жеке тұлғалар, 10-ы заңды тұлғалар өтініштері. Өтініштердің 44-і (74,5%) толық орындалды, 41 өтініш түсіндірілді, 3 өтініш қанағаттандырылды, 7 өтініш құзыреттілігі бойынша басқа мекемеге жолданды, 1 өтініш «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес қаралуы тоқтатылды, 2 өтініш тоқтатылды, 5 өтініш қаралуда.

Басқармаға келіп түскен өтініштердің көтеріп отырған мәселелері:

- 23 (38,9%) – әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері (материалдық көмек көрсету, жәрдемақы, санаторийге жолдама, жеке көмекшіге төленетін ақы мен жұмыс уақыты, мүгедектерді оқыту, мүгедектер тізімін сұрату т.б.);

- 15 (25,4%) - жұмыспен қамту мәселелері;

- 1 (1,7%) – шетел жұмыс күші;

- 10 (17%) - арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері (мүгедектер мен қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына орналасу, ауыстыру,  АӘҚКО-ның жай-күйі, т.б.);

- 10 (17%)  -  әртүрлі мәселелер (зейнетақы, тұрғын үй мәселесі, мемлекеттік сатып алу, еңбек өтілін растау, ұжымдық шарт, кәсіпкерлікпен айналысу т.б.) қамтиды.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша басқарма басшысы мен оның орынбасарлары 2018 жылдың ІІ тоқсанында 17 жеке қабылдау өткізді.