28 06 18 news 1

«Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті жүзеге асыру барысында әлеуметтік көмек жөніндегі консультанттар мен ассистенттердің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында ұйымдыстырылған облыстық семинар-кеңес жөнінде.

Облысымызда 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында аз қамтылған азаматтарды қолдаудың жаңартылған түрі – атаулы әлеуметтік көмек әрекет ете бастады.

Ел халқының әлеуметтік қолдаудың жаңа бағдарламасына оң көзқарасының қалыптасуына халыққа түсіндіру жұмыстары мен  өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыны сүйемелдеп алып шығу әлеуметтік көмек жөніндегі ассистенттер мен консультанттарға жүктелген.

Осындай жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығы мен қиындығын ескере отырып, ағымдағы жылдың 20,27 маусым күндері Шыңғырлау және Казталов аудан орталықтарында облыстағы 89 ассистент пен 14 консультантқа «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті жүзеге асыру барысында әлеуметтік көмек жөніндегі консультанттар мен ассистенттердің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар кеңес ұйымдастырылып өткізілді.

Семинар кеңес барысында ортақ мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасып, жергілікті жерлердің Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс барысымен таныстырылды.

Семинар кеңеске Шыңғырлау аудандық әкімі аппаратының басшысы Т.М.Сағынгереев,  Казталов ауданы әкімінің орынбасары З.И. Мажитова, облыстық жұмыспент қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары және жұмыспен қамту бөлімдері мен орталықтарының мамандары қатысты.

28 06 18 news 2