02 05 18 news 1

Мүгедектердің әлеуметтік құқықтарын қорғау саласында қызмет атқарып жүрген облыстық басқармалар аудандық және Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері басшылары қатысуымен үкіметтік емес ұйымдармен ықпалдастық бағытындағы шараларды одан әрі жалғастыру, мемлекеттік органдар арасындағы қарым қатынасты нығайту бойынша  семинар-кеңес өткізілді.

 Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Б.Т. Қонысбаеваның төрағалығымен Облыста мүгедектердің әлеуметтік құқықтарын қорғау саласында қызмет атқарып жүрген үкіметтік емес ұйымдармен ықпалдастық бағытындағы шараларды одан әрі жалғастыру бойынша семинар кеңес өтті.

Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ  департаменті – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, облыстық басқармалармен жергілікті бұқаралық ақпаратт өкілдерімен аудандық және Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері басшылары  қатысты.

Семинарда «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауын өткізу ережесі, 2018 жылғы 26 қантардағы өткізілген дөңгелек үстелде айтылған ұсыныстардың орындалу барысы туралы және Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу қағидаларына ұсыныстар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру туралы және  «Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі басымдықтар туралы» мәселелер қаралып, тыңдалды.

02 05 18 news 1

02 05 18 news 1

02 05 18 news 1