17 04 18 news 4

2018 жылдың 13 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен адам саудасы құрбандары мен тұрмыста зорлық–зомбылық көрген тұлғаларға  үкіметтік емес ұйымдар арқылы  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бағытында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге  Ішкі істер департаменті, Орал қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты адам саудасы құрбандары мен тұрмыста зорлық–зомбылық көрген тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шараларын жандандырып үкіметтік емес ұйымдар арқылы ұсыну.

Шара барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қадағалау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын түсіндіру мен туындаған мәселелерді ортаға салып талқыланып, тәжірибе алмасылды. Шара қорытындысы бойынша қызмет көрсету желісін болашақта аудандарда енгізу бағыты сараланды және  адам саудасы құрбандарын анықтап, бұл азаматтарды үкіметтік емес ұйымға жолдап бірлесіп жұмыстануға ықпал ету мәселелері ұсынылды.

17 04 18 news 1

17 04 18 news 3

17 04 18 news 2