10 04 18 news 12018 жылдың 6 сәуірінде Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Атаулы әлеуметтік кеңестің жүзеге асырылу барысы» тақырыбында облыстық семинар-кеңес болып өтті.

БҚО  бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің басын қосқан семинарда  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті көрсету барысындағы алғашқы тәжірибелер ортаға салынды. Шараға қатысушылар алдында ЖҚҮжӘББ басшысы Қ.Ш.Айтмұхамбетов кіріспе сөз сөйледі.

БҚО  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының «Әлеуметтік көмек» бөлімінің басшысы Қ.Надырғалиев сөз сөйлеп, халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы жөнінде жан-жақты түсініктер берді.

«АӘК тағайындау және төлеу бойынша айлық есептерді жасақтау» тақырыбында «Әлеуметтік көмек» бөлімінің бас маманы Р.Саттыкова,  «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне деректерді дұрыс толтыру»  жайында «Ақпараттық талдау» бөлімінің бас маманы Е.Қайырғали, «Қолданыстағы нормативтік- құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер» жөніндеБөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А.Басимова, «АӘК тағайындауда Шыңғырлау аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өзара байланысы және жұмыс бағыты» жайында А.Муртазиналар хабарламалар жасады.

Семинар соңында кеңінен пікір алмасулар болып, жұмыс барысында туындаған мәселелер талқыланып, сұрақтарға жауап қайтарылды.

Түстен кейін семинар қатысушылары Орал қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына барып, Орталық жұмысының бағыт-бағдарымен танысып, тәжірибе алмасып қайтты.

10 04 18 news 2

10 04 18 news 4

10 04 18 news 3