«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 10-тармағына сәйкес 2017 жыл қорытындысы бойынша басқармаға келіп түскен өтініштерге талдау жүргізілді.

2017 жылы басқарма бойынша 73 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,2%-ға азайғандығын көрсетеді (2016 ж - 120).

Басқармаға келіп түскен өтініштердің көтеріп отырған мәселелері:

- 34 (47%) – әлеуметтік қамтамасыз ету (материалдық көмек көрсету, жәрдемақы, кресло-арба, есту аппараттары, санаторийге жолдама, жеке көмекші тағайындау, оралмандарға берілетін жәрдемақы т.б.);

- 15 (20,5%) -  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері (мүгедектер мен қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына орналасу тәртібі, АӘҚКО-ның жай-күйі, т.б.);

- 16 (22%) - жұмыспен қамту мәселелері (жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жұмысқа орналасу тәртібі, халықты жұмыспен қамту Заңына түсініктеме беру т.б.);

- 8 (11%) -  түрлі мәселелер (мелекеттік сатып алу, зейнетақы төлеу, үй сұрау, анықтамалар, мүгедектік тағайындау т.б.) қамтиды.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша басқарма басшысы мен оның орынбасарлары 2017 жылда 19 жеке қабылдау өткізді.