«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне өзгерістер енгізу» және «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамту, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды біріктіру, базалық зейнетақы  методикасының өзгерудегі, т.б.  кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбында Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен семинар кеңес өткізілді. 

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсаны күні Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында басқарма басшысының орынбасары Д.С.Искакованың төрағалығымен мүгедектердің әлеуметтік құқықтарын қорғау саласында қызмет атқарып жүрген үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерімен ықпалдастық бағытындағы шараларды одан әрі жалғастыру бойынша семинар кеңес оздырылды. Кеңеске  Батыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ БҚО бойынша филиалы «ӘТВЕО» департаменті, Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Мүгедектердің әлеуметтік құқықтарын қорғауда қызмет атқарып жүрген облыстық және қалалық үкіметтік емес ұйымдары және қалалық емханалардағы дәрігерлік консультациялық комиссия төрағалары қатысты.

Кеңесте «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне өзгерістер енгізу» туралы басқарманың  бөлімі басшысы  М.Кұрманбаева, Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамту, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды біріктіру, базалық зейнетақы  методикасының өзгерудегі, т.б.  кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар туралы»  2018 жылдан  әлеуметтік төлемдердегі өзгерістерге  «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ БҚО бойынша филиалы «ӘТВЕО» департамент директоры А.Кожумов, толық түсінік берілді.

Жиналғандардың түйткілді сұрақтары Оңалтудың жеке бағдарламасын жасақтау т.б  сұрақтарға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департамент басшысының орынбасары А.Мұканова  мен  облыстық денсаулық сақтау басқармасының  мамандары  А.Күдесова, А.Елемесова  жауап берді. 

Батыс Қазақстан облыстық ерікті қоғамының төрағасы Ж.Қожжанов ҮЕҰ жетекшілеріне түсінік насихат барысында үлкен жауапкершілік пен белсенділік танытуын тапсырды 

Семинар қорытындысында,  ҮЕҰ-ы жетекшілеріне барлық енгізілгелі отырған әлеуметтік төлемдер мен мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының  өзгерістерін әр қоғам мүшесіне жеткізу, жан–жақты түсінік жұмыстарын жүргізу ұсынылды.