БҚО әкімдігінің бастамасымен «Мейірімді көктем» акциясы аясында қайырымдылық балы ұйымдастырылды. Шараға облыстағы кәсіпкерлер, ҚХА мүшелері, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Шара барысында аукцион ұйымдастырылып Орал және Круглоозерное арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету  орталықтарының қызмет алушыларының суреттері сатылымға қойылып төрт авторлардың 7 картиналары жергілікті кәсіпкерлер тарапынан сатып алынды.

Олардың арасында 2013 жылы «Бәріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» республикалық конкурсының «Үздік жасампаз» номинациясы бойынша ІІ орын иегері  екінші топ мүгедегі Ионов Сергей Ивановичтің «Осень», «На рыбалке», «Одиночество» суреттері мен Жумагалиева Орынғанымның «Мечеть», Бекетов Серіктің «Алтын күз», «Прошлое», Кубашев Лимардың «Өмірталас» суреттері тиісті деңгейде бағаланды.

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні «Достық үйінде» аукцион қорытындысы бойынша жинақталған 1,5 млн теңге сомасындағы түсімдерді суреттің иелері мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына сертификат түрінде табысталды. Бұл қаражат арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қызмет алушылардың шығармашылықтарын дамыту үшін пайдаланылатын болады.