Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурсты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Казахстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Кәсіподақтар федерациясы бірігіп ұйымдастыруда.

Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына қатысуға 32 кәсіпорынның басшылары өтінім білдірді. Өтінімдердің басым көпшілігі Орал қаласы (8 өтінім) мен Бөрлі ауданының (5 өтінім) кәсіпорындары мен ұйымдарынан келіп түсті.

Ең көп өтінім - 21 «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына ұсынылды. Аталған номинация бойынша үміткерлердің өз қызметкерлерін қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік бейімдеу, жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру қызметі бағаланады.

8 кәсіпорын «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясына өз өтінімдерін ұсынды. Аталған номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қарастырылады.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясына 3 өтінім түсті.Бұл номинация бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын нығайтатын жұмыс берушілердің іс-әрекеттері бағаланды.

4 Кәсіпорын «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясына өтінімдерін берді. Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі бағаланды.

Биыл байқаудың Бас жүлдесіне жұмыста, сонымен қатар, корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген Бөрлі ауданының «Ақсайгазсервис» АҚ ие болды. Жеңімпазға жоғарғы марапатты Мемлекет басшысы тапсырды.

71 орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша тасқала ауданының «Тасқала Аққу» ЖШС жеңімпаз атанды (алтын жүлде), «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша 78 кәсіпорын арасында «QHSE-Akbarys» үздік деп танылды (күміс жүлде), 89 кәсіпорын ішінен  «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Бірлік» мал зауыты» ЖШС жеңімпаз атанды (қола жүлде), «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша 263 кәсіпорын арасында «Галиева Ф.С.» ЖК үздік атанды (күміс жүлде).

Медальдік есепте еліміздің басқа аймақтарының арасында Батыс Қазақстан облысы 5 жүлдені жеңіп алып, 1 орынға ие болды. Қалған аймақтарда 1-2 лауреаттардан, 3 аймақта лауреаттар жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы Елбасының 2008 жылғы Жарлығымен тағайындалған болатын. Жалпы алғанда байқауға 8 жылдың ішінде кіші, орта және ірі бизнес кәсіпорындарының 200 астам өкілдері қатысты.

Әр жылдары «Парыз» жеңімпаздары атанғандар:

«Аксайгазсервис» АҚ (2012 ж.), «Орал «Зенит» зауыты» АҚ (2013 ж.), «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» ҚФ (2013 ж.), «Кублей» ЖШС (2011 ж.), «АЛИМ» ЖШС (2011 ж.), «Жайық жарығы» ЖШС (2014 ж.), «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС (2014 ж.), «ТМК-Казтрубпром» ЖШС (2015 ж.), «Тасқала дән» ЖШС (2010 ж.), «Орал-дизайн-стройсервис» ЖШС (2011 ж.), «Джумагулова Б.» ЖК (2014 ж.), «Губер С.В.» ЖК (2015 ж.).

 

Мәлімет үшін

«Аксайгазсервис» АҚ басшысы Шектебаев Тлек Ишбулатович.

  • Мұнай және газконденсат кенорындарын игеру, ұнғыманы күрделі жөндеу бойынша техникалық қызмет көрсетуде жұмыстанатын ұжымдарға кәсіпорын сервистік қызметтер көрсетеді 23әр-түрлі қызмет.
  • Кәсіпорында еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша шаралар үнемі жүргізіледі. ИСО 9001, ИСО14001, ОHSAS 18001 сапа менеджменті жүйелері енгізілген. Сонғы 10 жылдың ішінде жұмыскерлерді мед.кәсіп.тексеруге 11,0 млн.теңгеден астам, кәсіп.тамақтануға 149,0 млн.теңге бөлінді. Бір жұмыскерге шаққанда еңбекті қорғау және қауіпсіздікке 315845 теңге шығындары қарастырылған.
  • Қоршаған ортаны қорғау шығындарының үлесі жылдық жиынтық табыстан 3,67 %. Кәсіпорын қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп, аймақтағы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда. Кәсіпорында 2074 адам жұмыс істеуде.

«Тасқала Аққу» ЖШС басшысы Таскалиев Куан Бахтыгалиевич.

  • Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі-бақ өсіру, бақша өсіру, сауда-саттық.
  • Жұмыскерлер саны - 50адам.
  • Қоршаған ортаны қорғау шығындарының үлесі жылдық жиынтық табыстан 7 %.көртеуге және көгалдандыруға 1,0 млн. теңге бөлінді.
  • Бірнеше рет пайдаланған судың үлесі - 70 млн. теңге.

«QHSE-Akbarys» ЖШС басшысы Джарликаганов Тимур Саинович.

  • Қызмет түрі-күкіртсутектің әсеріненперсоналды қорғау.
  • Жұмыскерлер саны - 169 адам.
  • Бір жұмыскерге шаққанда еңбекті қорғау және қауіпсіздікке шығындар 252000 теңге.
  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздікке жылдық жиынтық табыстан шығындар үлесі - 0,01%

«Бірлік» мал зауыты» ЖШС басшысы Ешимов Канат Мухтарович.

  • Қызмет түрі-асыл тұқымды мал шаруашылығы.
  • Жұмыскерлер саны - 175 адам.
  • Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруға 1 жұмыскерге бөлінген қаржы 127000теңге.
  • Бір жұмыскерге шаққанда еңбекті қорғау және қауіпсіздікке шығындар - 145 000 теңге.
  • Жұмысшылар мамандықтары бойынша орташа айлық табыс - 87 000 теңге.

«Галиева Ф.С.» ЖК басшысы Галиева Фирия Салаватовна.

  • Қызмет түрі: автобөлшектердің сауда-саттығы
  • Жұмыскерлер саны :43 адам.
  • 1 жұмыскердің әлеуметтік жеңілдіктері - 31796 теңге
  • Әлеуметтік жобаларға, демеушілікке және қайырымдлылыққа бөлінген қаражат - 5,1млн.теңге.
  • Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруға 1 жұмыскерге бөлінген қаржы 11000теңге.
  • Орташа айлық табыс - 120 000 теңге

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік төлемдерді және

әлеуметтік әріптестікті үйлестіру бөлімінің

бас маманы А.Есенғалиева