«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы семинар-кеңес

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін (ҚР Үкіметінің 20.07.2005 ж. № 754 қаулысымен бекітілген) еліміздің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен жаңарту және толықтыру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Осыған байланысты, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ағымдағы жылы 29 қарашасында семинар-кеңес өткізді. Осы семинар-кеңеске еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, аудандар мен қала емханаларының дәрігерлік кеңестік комиссиясының төрағалары, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлермен және мүгедектермен жұмыстану бөлімінің басшысы М.А.Құрманбаева қаулының өзгерістері бойынша толық ақпарат беріп, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің басшысы С.А.Сарсенова оңалтудың жеке бағдарламасын толтыру бағытын айтып кетті.