Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына сәйкес, қазан айының соңғы жексенбісі «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» болып белгіленген.

Осыған байланысты республика көлемінде әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының беделін арттыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ең үздік тәжірибені тарату мақсатында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағын беру конкурсы өткізілді.

Конкурс жеті номинация: «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері», «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері», «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері», «Әлеуметтік саладағы үздік менеджер-ұйымдастырушы», «Үздік МӘМ», «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» бойынша өтті.

Облыстық байқаудың жеңімпазы ретінде бірнеше номинанттар анықталып, соның ішінде Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің дефектолог-мұғалімі Вероника Протопопова республикалық байқауға жолдама алған болатын.

2016 жылы 28 қазан күні Астана қаласында өткен ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күніне арналған салтанатты шарада «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» республикалық байқауының қорытындысы бойынша «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша - Вероника Протопопова жеңімпаз атанды.