БҰҰ Бас Ассамблеясының қырық бесінші сессиясының ұсынымы бойынша Халықаралық қарттар күнін дәстүрлі түрде жыл сайын 1 қазанда атап өтіледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен қазан айының екiншi жексенбiсi Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнi болып белгіленді.

Халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын азаматтарға қамқорлық көрсету, олардың жағдайларына көңіл бөлу мақсатында дәстүлі түрде жыл сайын 1-қазанмен 1-қараша аралығында «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы өткізіліп келеді. Облыс бойынша «Мейірбандық күндері» 5988 жалғыз басты зейнеткерлерге 15205,4 мың теңгеге, 4211 мүгедектерге 8138,0 мың теңгеге, 1358 аз қамтылған отбасыларына 7484,3 мың теңгеге, барлығы 11557 адамға 30827,7 мың теңгеге (11366,0 мың теңге жергілікті бюджеттен, 19461,7 мың теңге бюджеттен тыс қаржы) қайырымдылық көмегі көрсетілді. Осындай атқарылған іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.