«Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы аясында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Бәріміз бірдейміз - Кемсітуді білмейміз» атты фестиваль биыл да өз жалғасын тауып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың арасында екі кезеңнен тұратын 4 номинация бойынша өткізілді. Аудандық қалалық деңгейлердегі іріктеу кезеңдері 1 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өткізіліп, 215 мүмкіндігі шектеулі жан қатысып,«Ең үздік» деп танылған 39 жеңімпаз облыстық фестивальға қатысты.

Фестивальдің соңында жеңімпаздар әділқазылар алқасының шешімімен дипломдар, үздік номинациялар бойынша сыйлықтармен марапатталды.

«Үздік жасампаз» номинациясы бойынша қатысушылардың  туындылары көрмеде көрсетілді. Бұл номинация бойынша жеңімпаз болып танылған Айтбаев Арман (Зеленов ауданы), «Үздік орындаушы» (балалар арасында) номинациясы бойынша жеңімпаз: Утегенова Айнур (Бокей ордасы ауданы), «Үздік орындаушы» (ересектер арасында) номинациясы бойынша жеңімпаз: Жұбандықов Қайрат (Қаратөбе ауданы), «Үздік көркем сөз» номинациясы бойынша жеңімпаз: Ысқақ Бану (Сырым ауданы).