2016 жылдың 23 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясына арналған дөңгелек үстел өткізілді

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасымен бірлесіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясына арналған дөңгелек устел өткізді.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының көтерілуі басым бағыттардың бірі болып табылады. Жоба «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға және мемлекеттік саясатты индустрияландыру қажеттіліктеріне жауап беретін, жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтар қоғамындағы әйгілілікті және беделдерін арттыруға бағытталды.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының негізінде нақты өндірістік еңбек жатыр. Жобаны жүзеге асыру барысында тәуелсіздік жылдарында мемлекет саясатының себебімен еңбек, кәсіпкердің, ғылыми-оқу және басқа да кәсіптік қызметтердегі ең жоғары нәтижелерге жеткен, қазақстандықтардың (бүгінгі күннің қаһармандары) жетістіктерінің жеке дара тарихы кеңінен түсіндіріледі.