2016 жылғы 27 шілдеде Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік және мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту» атты семинар кеңес өткізілді.

Аталған семинар кеңестің мақсаты облыста көрсетіліп отырған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қадағалау, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызмет жүйесін дамыту, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту болып табылады. Семинар кеңеске аудан (қала) әкімінің орынбасарлары, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшылары, үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің мамандары, үкіметтік емес ұйымдар басшылары қатысып тәжірибе алмасты.