2016 жылғы 15 шілдеде Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Интеграцияланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстардың сапасын арттыру» атты семинар кеңес өткізілді.

Аталған семинар кеңестің мақсаты облыста көрсетіліп отырған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша  Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қадағалау болып табылады. Семинар кеңеске медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшылары және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мамандары қатысып тәжірибе алмасты.