Темирешев Бейбитжан Рахатович, БҚО Жәнібек ауданы, Ақоба ауылдық округі тұрғыны, 3-ші топ мүгедегі. Арнаулы орта білімі бар. 1976 жылдары электрик лауазымын Ақоба ауылында атқарып келді. Кейіңнен кірістер басқармасына ЖК «Темирешев.Б» тіркеліп, жеке кәсіпкерлігін ашты.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы туралы ақпаратты естіп, жұмыспен қамту оталығынан кеңестер алып, бағдарламаның екінші бағыты қатысушысы болуды ниет білдірді.

2015 жылдың 1 шілдесінде Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде өз ішін ашуға 550 000 мың теңге шағыннесие алды. Алған қаражатқа 20 қой және 10 қозы сатып алды. Қазіргі уақытта ұсақ малдар санын көбейтіп, шаруашылығын дамытуда.

Темирешев Бейбитжан Рахатович «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бағдарламасына өз ризашылығын білдіре отырып, кейіннен өз ісін ашам деген және жаңа жұмыс орындарын ашуға осындай бағдарламаның тиімді екенін атап өтті.