Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтың өкімімен Жанат Асылханұлы Асантаев Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ж.А.Асантаев 1970 жылы Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылында дүниеге келген, білімі жоғары. 1993 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық институтының Алматы филиалын инженер-технолог, 2002 жылы Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылдың 30 шілдесінен осы кезге дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.