«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы 2-бағытының қатысушысы Едигеева Бибигуль Базаргалиевна

Жарсуат селосының тұрғыны, жеке кәсіпкер  Едигеева Бибигуль Базаргалиевна  аспаздық саласы бойынша кәсібін дөңгелетіп отыр.Осы саланы одан әрі дамыту мақсатында Жұмыспен қамту орталығына жолығып, несие алуға өтініш білдірді.Өтініші қанағаттандырылып, 2,0 млн. теңге көлемінде несие алды. Аталған салаға жүк тасымалдау көлігін алып, қаржыны мақсатты игерді. Сонымен қатар 3 жұмыссыз азаматты әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жұмысқа алып,кейін тұрақты жұмысқа қабылдады.

 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3-бағытына қатысушы Мищенко Елена Владимировна

            Мищенко Елена Владимировна, 1975 жылғы,Бөрлі ауданы, Жарсуат ауылының тұрғыны.2014 жылы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелді. Е.Мищенкоға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»бағдарламасы туралы кеңестер беріліп,сол жылы «Лакомка» ЖК-не әлеуметтік жұмыс орындары арқылы нан пісірушінің көмекшісі ретінде жолданды, әлі күнге дейін осы мекемеде жұмыс істеуде.