Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс-шараға қатысу үшін өтінім 

 

1.

Әлеуметтік жобаның авторы

Құрылтайшысы: Ищенко Татьяна Германовна

Құрылтайшының көмекшісі: Утебаева Аксаным Айтжановна

2.

Әлеуметтік жобаның атауы

«Бөрлі ауданында мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығын дамыту мен әлеуеттендіру»

3.

Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі және басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес 2011 жылдың наурыз айында құрылған

4.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

Қордың басты мақсаты балалардың  рухани және мәдени дамуы үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады

5.

Қысқаша аннотациясы

Мүмкіндігі шектеулі және қиын жағдайға тап болған балалардың шығармашылығын арттыруға, қоғамға етене араласуына жағдай туғызу. Біз барлық балалардың, рухани және шығармашылығын дамытуға денсаулығына және  әлеуетіне қарамастан тең мүмкіндігі мен құқығы болғанын қалаймыз.

-музыка, хореография және тағы да басқа оқыту

-аудандық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуына ықпал жасау

-орта-техникалық және жоғарғы алуына ықпал жасау және жұмысқа орналастыру немесе өз ісін ашуға ықпал жасау

Бүгінгі таңда 25 адамға арналған Ақсай қаласындағы шығармашылық шеберханадан басқа Бөрлі ауданының 4 ауылдық округтерінде мектеп жанынан (Жарсуат, Бөрлі, Қанай, Кентубек) 4 филиал ашылды. Арнаулы топтан 100 бала қамтылған.

6.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны

Қор тұрақты түрде шығармашылық шеберханада дәрістенетін 120 мүшеден тұрады. Олар, қиын жағдайға тап болғандар, ата - анасының қамқорынсыз қалғандар және аз қамтылған санатына жататын балалар

7.

Қаржыландыру көздері

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат)

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, КПО б.в компаниясы, Ақсай қаласының кәсіпкерлері, Би Джей Казахстан және шараларды өткізуге өз қаражаттарымыз

8.

Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және  т.б. саны)

Бүгінгі таңда 25 адамға арналған Ақсай қаласындағы шығармашылық шеберханадан басқа Бөрлі ауданының 4 ауылдық округтерінде мектеп жанынан (Жарсуат, Бөрлі, Қанай, Кентубек) 4 филиал ашылды. Арнаулы топтан 100 бала қамтылған.

Жылына 300 баладан кем емес қиын жағдайға тап болғандар, ата - анасының қамқорынсыз қалғандар және аз қамтылған санатына жататын балалары бар отбасына демеушілік көмек көрсетілді.

Бумакөл  ауылында лагерде «Табиғат аясына саяхат» атты шараға 35 бала қатысты

-«Ура! Бізде демалыс» атты шараға 120 бала қатысты

- «Cinema park»   кинозалында мультфильм көруге 70 бала қатысты

- Алғыс айту мейрамы, Жеңіс күні, Қазақстан халқының бірлігі күні, «Наурыз», Конституция кнү және тағы да басқа шараларға қатыстық. 120 -дан астам бала қамтылды.

«Свеча памяти» акциясында 25 бала қатысты

-КПО б.в компаниясында шығармашылық шеберханада дәріс алушы балалардың 48 жұмысы көрмеге қойылды. Сатылымнан түскен ақша балалардың еміне жұмсалады.

-«Астана, менің Отанымның жүрегі» атты суреттер конкурсына 25 бала қатысты

Орал қаласына «Менің өлкемнің тарихы» атты экскурсияға 2014 жылы 48 бала, 2015 жылы 48 бала қамтылды, 2016 жылы 48 баланы қамту жоспарлануда

Табиғат аясында «Алтын күз» атты сурет салуға 36 бал қатысты

-Тұңғыш Президентіміз күніне арналған спорттық жарысқа 40 бала қатысты

-Патриоттық тәрбие беру мақсатында жасалған шараға 100 бала қатысты

-Жаңа жылдық шыршаға- 284 бала қатысты

«Алтын үш бұрыш» атты жоба бойынша жұмыс жүргізілуде

Жоспар бойынша жартылай емханалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жоспарлануда

9.

Презентациялық материал (жобаның логотипі, слайдтар және DVD форматтағы роликтер)

 DVD форматты видео - ролик. Интернетте парақша және  слайд

 

10.

Қосымша ақпарат (телефон, факс, e-mail және т.б.)

Мекенжайымыз: 090302, БҚО, Бөрлі ауданы,  Ақсай қаласы, 4 ықшамауданы.  14 үй,  16 пәтер, тел.: 8 (71133) 33-7-82, zhas_daryn@bk.ru